«Чемпиондардан кім бар еді?»: Жәнібек Әлімханұлы қарсылас шақ келтірмейін деп тұр

Редактор
27.09.2024, 12:47

Боксшы өзі өнер көрсететін дивизиондағы басқа чемпиондарға үндеу тастады

әлеуметтік желі

4 қазанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық қарсылас Андрей Михайловичке қарсы жекпе жек өткізеді. Боксшы осы кездесуде IBF және WBO тұжырымдары бойынша екі белбеуін де қорғайды.

Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезіндегі сәтсіздігіне қарамастан өзі өнер көрсететін дивизиондағы басқа чемпиондарға үндеу тастады.

«Мен тек 4 қазанға емес, чемпиондарға да дайындалып жатырмын. Олардың есімдерін ұмытып та кеттім. Орта салмақта чемпиондардан кім бар еді? Чемпиондар, 5 қазанда сендерден келісімшарт күтемін», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісінде.

Бұған дейін жекпе-жекте Әлімханұлының IBF атағы ғана қорғалатыны хабарланған болатын. Бірақ WBO Президенті Франциско "Пако" Валькарсель өзінің Twitter-дегі парақшасында WBO ұйымының белбеуі үшін де жұдырықтасатынын мәлімдеді.