Әділбек Ниязымбетов басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
08.12.2023, 13:41

Ол енді балалар спортын дамытуға үлес қосады

olympic.kz

Лондон және Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебіне басшы болып тағайындалды.

Ендігі кезектте Ниязымбетов бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне басшылық жасамақ. Ол бұған дейін Маңғыстаудағы жоғары спорттық шеберлік мектебінің директоры болған еді.

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаштың айтуына қарағанда, Олимпиада жүлдегерінің басшылықта болуы боксшыларға ғана емес, өңір спортына да тың серпін бермек. 

Әділбек Ниязымбетов 2009-2018 жылдар аралығында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ол Лондон және Рио олимпиадаларында финалға шығып, 81 келіде күміс жүлдегер атанған. Бұдан бөлек ол екі мәрте әлем чемпиоанатында күміс медальға қол жеткізді. Азия ойындары және чемпионатының жеңімпазы. Бір рет Азия чемпионатында екінші орын алды. Боксшы соңғы рет 2018 жылдың наурызында Галледе өткен турнирде бақ сынаған.