Әлемдегі ең сұлу математик әйел кәсіби бокс шыңын бағындырып жүр

Редактор
08.12.2023, 14:47

Эбани Бриджес 5 жасынан бастап жекпе-жек спорт түрлерімен шұғылдана бастаған

MARTIN RICKETT/GETTY IMAGES

Кәсіпқой бокстан әйелдер арасында аса жеңіл салмақта IBF чемпиондық титулының иегері аустралиялық Эбани Бриджес (9-1) алдағы демалыс күндері рингке қайта оралады. Ол өзінің белбеуін қорғау үшін Сан-Францискода жапон боксшысы Мийо Йошидамен жұдырықтаспақ.

37 жастағы Эбани Бриджес кәсіби бокс әлеміндегі ең сұлу боксшылардың бірі саналады. Ол боксқа келместен бұрын мектепте математика пәнінің мұғалімі болған. Сондай-ақ, қосымша фитнес-инструктор болып жұмыс істеген. Кәсіби боксқа деген қызығушылығы ринг-гёрл болып жүргенде оянған.

2016 жылдан бастап Эбани әуесқой бокспен шұғылданып, екі жылда 30 жекпе-жек өткізіп, оның 26-да жеңіске жеткен. Кәсіпқой бокста 10 жекпе-жектің тек біреуінде жеңілді, оның өзінде жарақатына байланысты дәрігерлер кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.

Қазір Эбанидің әрбір жекпе-жегін аустралиялықтар да, америкалықтар да асыға күтеді. Оның ригке шығуының өзі үлкен шоу. Сұлулығы өз алдына, өзін қарсыластырының алдында ұстауы да, баспасөз конференцияларында сөйлеуі де ерекше.

Айта кету керек, боксшының 15 жастағы қызы бар. Эбани қызының жақсы тәрбие алып, қиындықсыз өмір сүруі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын дейді.