Жаңазеландиялық маман Әлімханұлының дұрыс салмақ қуа алмағандығынан көптеген адам қып-қызыл шығынға батты дейді
WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізеді. Осы кездесу алдында қарсыластың командасы Qazaq Style-ды ауыр сынға алды.
Шыққан тегі ресейлік боксшының менеджері Айзек Пичтің айтуынша, Әлімханұлының командасы бокс әлемін ұятқа қалдырған.
«Жәнібек Әлімханұлының командасы – бокс әлемін ұятқа қалдырды. Олардың бізге істегенін айтудың өзі ыңғайсыз. Сол үзін ызалымыз. Енді соның қарымтасын өтейтін кез келді», - дейді Айзек.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен Михайлович арасындағы жекпе-жек биыл шілдеде АҚШ-та өтуі керек еді. Алайда, қазақ боксшысы салмағын қуу кезде ағзасы құрғап кетіп, ауруханадан бір-ақ шықты. Ұйымдастырушылар мен промоутерін шығынға батырғандықтан жекпе-жекті қайта өткізу құқығына жаңазеландиялық боксшының менеджерлері ие болды.
Аталған кездесуде бәске Жәнібектің чемпиондық қос белбеуі IBF пен WBO титулдары тігіледі. Жоспарланған жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді.
Кәсіпқой бокс кешін 4 қазан күні «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.