Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсімінен аман-есен өтті

Редактор
03.10.2024, 09:17

Жекпе-жекті Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

TopRank

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда болатын жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлының салмағы 72,38 кг көрсетсе, қарсыласы одан сәл ғана ауыр болды – 72,54 кг. IBF талабы бойынша қазақ боксшысы 4 қазанда таңертең тағы бір рет салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұл күні Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Жекпе-жекте Жәнібек өзінің қос белбеуін қорғамақ.

Есте болса қос боксшы биыл шілдеде АҚШ-та кездесуі керек болатын. Алайда, Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, ауруханадан бір-ақ шықты. Оның бұл әрекетін Михайлович командасы ұзақ уақыт айыптады.