Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов финалда жұдырықтасудан бас тартты - дереккөз

Редактор
03.10.2024, 21:02

Турнирдің финалистері белгілі болды

Қазақстан бокс федерациясыө

Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдіалиев атындағы халықаралық турнирдің барлық финалистері анықталды.

Алдын-ала дереккөздердің мәліметі бойынша, бүгін жартылай финалда жарақат алған Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Сәкен Бибосынов (54 келі) бокстаспайды. Тиісінше, Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) өз салмақтарында чемпион атанбақ.

Негізгі финалдың жұптары осындай:

48 келі:

Санжар Тәшкенбай - Теміртас Жүсіпов

51 келі:

Дамир Әбдіқадір - Даниял Сәбит

54 келі:

Сәкен Бибосынов - Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі:

Оразбек Асылқұлов - Махмұд Сабырхан

60 келі:

Серік Теміржанов - Бейбарыс Жексен

63,5 келі:

Ертуған Зейнуллинов - Жандос Қыдыралиев

67 келі:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Илья Калинин

71 келі:

Сабыржан Аққалықов - Абылайхан Жүсіпов

75 келі:

Диас Молжігітов - Нұрқанат Райыс

80 келі:

Ерасыл Жақпеков - Никита Засенок

86 келі:

Бекзат Нұрдәулетов - Темірлан Мұқатаев

92 келі:

Сағындық Тоғамбай - Абзал Құттыбеков.