Бокстан құраманың жаңа капитаны финалға шықты

Редактор
03.10.2024, 20:43

Айбек Оралбай Даниял Сапарбайдан басым түсті

Видеодан кадр

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы турнирдің жартылай финалында айқасты.

Шымкенттегі аламанда жаңа салмақта өнер көрсетіп жатқан Айбек Оралбай қарсыласын жеңіп, финалға шықты.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Оралбай Даниял Сапарбайдан басым түсті.

Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиада ойындарында Айбек ширек финалға дейін жетіп, әзербайжандық боксшыдан ұтылды.

Материалда: