Қазақ боксшысы сәтсіздіктерге қарамастан қарсыласын жеңуге ниетті
WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайлович (20-0, 12КО). Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді.
Бүгінге дейін бәске Жәнібектің қол белбеуі тігілетіні айтылғанымен, ресми түрде тек IBF нұсқасындағы белбеуі үшін жұдырықтасатыны айтылып келді. Жекпе-жекке бір күн қалғанда WBO ұйымы қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді.
Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында бүгінге кездесуге дайын екенін жазды.
Жекпе-жек бүгін Астана уақытымен 14:00-де көрсетіледі.