Махмұд Сабырхан Қазақстандағы басты қарсыласынан жеңіліп қалды

Редактор
04.10.2024, 12:28

Енді ол  Азия чемпионатына қатыса алмайды

ҰОК

Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдіалиев атындағы халықаралық турнирдің 57 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпазы анықталды.

Финалда әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен Ақмола облысының тумасы Оразбек Асылқұлов кездесті.

Былтыр бұл екеуі Астанадағы жарыста кездескенде Махмұд жеңіске жеткен. Бірақ кейбір жанкүйерлер төрешілердің шешіміне риза болмаған еді. Бұл жолы Асылқұлов есесін қайтарды. Сөйтіп Қарақозы Әбдіалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Енді Оразбек Асылқұлов қараша айында 57 келіге дейін салмақта Азия чемпионатына қатысады. Ал Махмұд Сабырхан ел намысын 54 келіде қорғайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Оразбек өзбек боксшысы, Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковтың осал тұсын тапқан соңғы боксшы. Отандасымыз 2023 жылы Болгарияда жеңген еді. Содан кейін Халоков бірде-бір жарыста қарсыласына есе жіберген емес.