Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Адамс пен Лара». Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды

Редактор
04.10.2024, 16:50

Қазақ боксшысы өзге 2 белбеуді де жеңіп алудан тайынбайтынын айтты

Видеодан кадр

IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғаған Жәнібек Әлімханұлы дивизионның басқа чемпиондары Эрисланди Лараға (WBA) және Карлос Адамеске (WBC) үндеу жасады.

«Ең алдымен, мені қолдауға келген барлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Жекпе-жекке келер болсақ, мен бір жыл бойы рингке шықпағанымды ұмытпаған жөн. Кейін біздің жекпе-жек болмай қалды, сондықтан қайта оралып, тәжірибемді жаңарту мен үшін керемет мүмкіндік болды.

Андрей — өте жақсы боксшы, оның тамаша командасы бар. Олар жекпе-жекке жақсы тактика таңдады. Оның алдағы уақытта үлкен жеңістері болатынына сенемін. Оған денсаулық тілеймін.

Менде екі титул бар, тағы екі титул жетіспейді. Адамес, Лара, кез келген уақытта дайынмын! Келісімшарт жіберіңдер»!» — деді «Қазақ стилі» жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, ол жаңазеландиялық боксшыны нокаутқа түсірді.

Жарнама
Жарнама