«Бауырым, құттықтаймын!». Усик Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Редактор
04.10.2024, 17:50

Ал Жәнібек әріптесіне алғысын айтып, «сенің жолыңды берсін» деді

sports.kz

Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғаған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) танымал украиналық боксшы Александр Усик хабарласты.

Аса ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усик Жәнібекке кезекті жеңісінен соң видеобайланыс арқылы хабарласып, құттықтауын жеткізді.

«Бауырым, құттықтаймын! Алған бағытыңнан тайған жоқсың! Сені менің командам құттықтап жатыр. Құшақтадым», - деді Усик.

Ал Жәнібек әріптесіне алғысын айтып, «сенің жолыңды берсін» деді.

Айта кетейік, Сиднейдегі бокс кешінде Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович өз мансабында алғашқы жеңілісіне ұшырады.