Шоқыр Бөлтекұлы атындағы турнир жеңімпаздары анықталды

Редактор
07.10.2024, 10:01

Турнирге ұлттық құрама үздіктері қатысқан жоқ

instagram.com/mangystau_boxing_federations

Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлы атындағы халықаралық турнир аяқталды. Дәстүрлі турнирге Қазақстан боксшыларынан бөлек, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Түркменстан, Польша, Тәжікстан спортшылары қатысып, 13 салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтады.

Аталған жарыс Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған турнирмен тұспа-тұс келгендіктен ұлттық құрама үздіктері қатысқан жоқ.

Еліміздің бокс федерациясының мәліметінше, 7 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

48 келі
1 орын: Нұрғиса Турабеков (Қазақстан)
2 орын: Жанкүйер Пернебек (Қазақстан)

51 келі
1 орын: Бекзат Алдамжаров(Қазақстан)
2 орын: Нодиржон Мырзахметов (Қазақстан)
3 орын: Михаил Ревазов (Германия)
3 орын: Сұлтан Молдаш (Қазақстан)

54 келі
1 орын: Самат Жетібаев (Қазақстан)
2 орын: Бағлан Кенжебеков (Қазақстан)
3 орын: Нуржиги Дүйшенбаев (Қырғызстан)
3 орын: Фарзалиев Садай (Түркия)

57 келі
1 орын: Жолдас Жеңісов (Қазақстан)
2 орын: Хусровхан Рахимов (Тәжікстан)
3 орын: Олжас Абдулла (Қазақстан)
3 орын: Аюбхон Бахтиеров (Өзбекстан)

60 келі
1 орын: Ерхан Тұрдан (Қазақстан)
2 орын: Әлімжан Бескемпір (Қазақстан)
3 орын: Тафур Алиев (Әзірбайжан)
3 орын: Арслан Жолдасбаев (Қазақстан)

63,5 келі
1 орын: Саят Илиясов (Өзбекстан)
2 орын: Омар Ливаза (Қырғызстан)
3 орын: Алмас Дүйсенқұл (Қазақстан)
3 орын: Кусайнов Жавохир (Өзбекстан)

67 келі
1 орын: Шахбоз Юнусалиев (Өзбекстан)
2 орын: Абдугафор Вакхобов (Тәжікстан)
3 орын: Райымбек Амантаев (Қазақстан)
3 орын: Нұрым Ділшат (Қазақстан)

71 келі
1 орын: Сархан Алиев (Әзірбайжан)
2 орын: Наби Искандеров (Әзірбайжан)
3 орын: Байрамдурды Нурхаммедов (Түркменстан)
3 орын: Темірхан Тезек (Қазақстан)

75 келі
1 орын: Сиражатдин Хожахметов (Өзбекстан)
2 орын: Сағындық Базар (Қазақстан)
3 орын: Алишер Аюбов (Өзбекстан)
3 орын: Берекет Тайров (Қазақстан)

80 келі
1 орын: Даулет Түлемісов (Қазақстан)
2 орын: Сардор Шомуратов (Өзбекстан)
3 орын: Арслан Нурчиев (Түркменстан)
3 орын: Касмарек Нуверт (Польша)

86 келі
1 орын: Бекболат Әбдікерім (Қазақстан)
2 орын: Телман Мамедов (Қазақстан)
3 орын: Нурмухаммет Муратгулиев (Түркменстан)
3 орын: Айбар Султанбек (Қазақстан)

92 келі
1 орын: Музратбек Тохиров (Өзбекстан)
2 орын: Гаджи Ибрагимов (Ресей)
3 орын: Айназар Кенесбаев (Қазақстан)
3 орын: Икромжон Сайдахраров (Өзбекстан)

+ 92 келі
1 орын: Махаммад Абдуллаев (Әзірбайжан)
2 орын: Тілекбай Салауат (Қазақстан)
3 орын: Сидорин Александр (Ресей)
3 орын: Айболды Дауренұлы (Қазақстан)