Әлем чемпионы Ангелина Лукас әлемдік рейтингте бір саты жоғарылады

Редактор
07.10.2024, 14:01

Қазақстандық боксшы IBO белбеуіне ие болды

Видеодан кадр

Еліміздің кәсіпқой боксшысы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) Boxrec.com сайтының рейтингінде жоғары орындарға көтерілді.

Аргентиналық Дебора Лопесті (21-3-1, 1 КО) жеңген отандасымыз супер жеңіл салмақтағы IBO белдігін иеленген болатын. Осыдан кейін аталған дивизионда Лукас 12-орыннан 11-орынға көтеріліп отыр.

Бірақ IBO чемпионы үшін болған жекпе-жекте қазақстандық Ангелина Лукастан жеңіліп қалған аргентиналық Дебора Лопес әділетсіздікке тап болғанын айтады.

Айта кететін жайт, Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Ангелина Лукас 2024 жыл басталғалы бері барлығы 6 жекпе-жек өткізген. Сол арқылы ол WIBF және WBF нұсқаларында кіші әлем чемпионы белбеулеріне ие болды.

Материалда: