Бокс федерациясының бірінші вице-президенті қызметінен кетті

Редактор
07.10.2024, 20:05

Ол бұл қызметте небәрі жарты жыл жұмыс істеген

instagram.com/tukeshov_official/

Қазақстан бокс федерациясы президентінің жарлығымен Жалғас Төкешов бірінші вице-президенті қызметінен кетті. Ол бұл қызметке биыл сәуір айында тағайындалған болатын. Арада жарты жыл өткенде орнын босатты.

Төкешев бокс жанкүйерлеріне көп жыл бойы кәсіби бокс кештерін ұйымдастыруымен айналысып, промоутерлік қызмет атқаруымен танымал. Бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Бұған дейін тағы бір вице-президент Азиз Қожамбетов те қызметінен кеткен еді.