«Орта салмақтың королімін»: Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсылас іздейді

Редактор
08.10.2024, 09:08

Қазақстандық кез келген боксшыны құлатуға дайын екенін айтты

x.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 10 КО) өз салмағындағы басқа қарсыластарға үндеу тастады. Қазақ боксшысы өзіне тең келер қарсылас іздеп жатыр.

Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен болған соңғы жекпе-жекте түскен суретін бөлісіп, өзінің кез келгенді сұлатып салуға дайын екенін мәлімдеді.

«Мен саған орта салмақтың королімін деп айттым ғой! Егер сен король атағына үміткер болсаң, онда сенің біткен жерің осы болмақ! Тағы кім үміткер болғысы келеді?», – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде. , Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичпен болған соңғы жекпе-жегінен түскен фотосымен бөлісіп.

Айта кетейік, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Аустралияның Сидней қаласында өткен жекпе-жекте Андрей Михайловичті әр раунд сайын ауыр соққыларын дарытып, ақыры 9-раундта сұлатып салды. Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович өз мансабында алғашқы жеңілісіне ұшырады.