WBO Жәнібек Әлімханұлын Хамза Ширазбен жұдырықтасуға міндеттеді

Редактор
08.10.2024, 19:52

Британдық бірде-бір рет жеңіліп көрмеген

Top Rank

Кеше ғана жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңген Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) көп демалмай келесі жекпе-жегіне дайындалатын секілді. WBO ұйымы оны чемпиондық титулын қорғау үшін британдық Хамза Ширазбен (25-0, 21 КО) жұдырықтасуға міндеттеді.

Қос боксшының менеджерлері алдағы 15 тәулікте өзара келісімге келуі тиіс. Егер келе алмаса промоутерлік сауда басталады. Оның бастапқы сомасы – 200 мың доллардан басталады.

25 жастағы Шираз WBO және WBC тұжырымдары бойынша әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Сондай-ақ, WBA тұжырымында – алтыншы, IBF тұжырымында төртінші орында тұр. Ол бірде-бір рет жеңілмеген.

Жәнібек Әлімханұлы болса WBO мен IBF тұжырымдарында әлем чемпионы. Михайловичпен болған жекпе-жекте осы екі белбеуін қорғады.