Ол қазан айында Чили боксшысынан жеңіліп қалған болатын
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 KO) шаршы алаңға жақын күндері қайта оралмақшы. Бұл туралы спортшы қыздың өзі Instagram желісінде жазды.
«Иә, өте жақын уақытта мен рингке ораламын. Қалыпқа келуім үшін қолдан келгеннің де, келмегеннің де бәрін істедік. Қазір нәтиже бар, дайындықты одан әрі жалқастырамыз. Мен бұрынғыдан да мықты болып ораламын. Салауатты өмір салтын ұстанайық, басты байлық – денсаулық. Ешқандай алкоголь, тек қана спорт және режим», - деп жазды Лукас өзінің парақшасында.
Айта кетейік, Ангелина Лукас биыл 29 қазанда Стамбұлда Чили боксшысы Даниэла Асенхомен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.