«Қазақстанда өмір сүргім келмейді»: Қазақ боксшысы АҚШ әскерінің қатарына қосылады

Редактор
09.10.2024, 15:09

Көкшетаулық қыз 2017 жылдан бері Америка құрама штаттарында тұрады

instagram.com/lady_sparta

АҚШ-тағы қазақ боксшысы боксшы Аида Сатыбалдинова (6-3-1) өміріндегі маңызды шешімдердің бірін қабылдағанын мәлімдеді. Ол енді АҚШ ұлттық гвардиясына қосылмақ.

Көкшетау қаласының тумасы 2017 жылдан бері Америка құрама штаттарында тұрады. Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, бағын сынап жүр. Спортшы АҚШ-тың қарулы күштеріне арнайы тест тапсырып жатқанын көрсетті.

«Ашығын айтсам, Қазақстанға қайтып, ол елде өмір сүргім келмейді. Тек қонаққа барып тұруға қарсы емеспін. Әрқайсымыз өмірімізді жақсы өткізуге тырысамыз. Қазақстанда өзімді жайлы сезінбеймін. Менің турашыл мінезім, адалдығым мен идеологиям жайлы өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Мен сияқты адамдар олардың жағасына қадалған тікен секілді. Ол жақта біреуге жағымпазданып, жалтақтауға құлқым жоқ. Мені өте лайықты тәрбимелеген. Мен үшін тізерлеп өмір сүргеннен тұрған күйде өле салғаным артық.

АҚШ-та мансап қуып, өз үйімді алсам деймін. Оған қоса мен Калифорнияда тұрамын деп шешім қабылдадым. Мұнда жылжымайтын мүліктің құны аспандап тұр. Болашақта балаларыма өзімде жоқ игі жақсының бәріне бергім келеді. Сондықтан АҚШ Ұлттық гвардиясына қосылу — бұл керемет. Әрі қарай — одан да биік мақсаттар», — деп жазды Сатыбалдинова Instagram-дағы стористерінде.

 

Материалда: