Бокстан қырғыз құрамасының бапкері атыстан кейін жансақтау бөліміне түсті

Редактор
11.10.2024, 12:24

Ал қарумен залға басып кірген адам атыс кезінде оқ тиіп, қайтыс болды

akipress.org

Бокстан қырғыз ұлттық құрамасының бапкері атыс кезінде аман қалды. Бішкекте белгілі бапкер жұмыс істейтін спорт залына қарулы топ басып кіріп, іштегі адамдарға оқ жаудырған. Оқыс оқиғаның салдарынан адам өлімі тіркеліп, тағы екеуі ауыр жарақат алды.

Қырғызстанның 24.kg басылымы қарулы қақтығыстың 10 қазанда болғанын жазды. Олардың арасында бокстан Қырғызстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы да болған көрінеді.

Ел астанасындағы шағын аудандардың біріндегі бокс залында атыс кезінде бір адам бақиға аттанған. Сондай-ақ, олардың арасында бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиев те болғаны ресми айтылды. Бұған дейінгі ақпаратымызда Жылдызбек Ниязалиевтің қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Анықталған мәлімет бойынша, белгісіз адамдар Ниязалиевтің бокс залына қарумен келгенімен, бұған қатысты әзірге елдің ішкі істер министрлігі оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратпады.

Қазіргі уақытта бокс бапкері Жылдызбек Ниязалиев пен тағы бір адам ауыр дене жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал қарумен залға басып кірген адам атыс кезінде оқ тиіп, қайтыс болды.

Материалда: