Бокстан ұлттық құраманың бапкерін өлтіріп кетті

Редактор
11.10.2024, 09:23

Қырғызстан жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиев оқиға орнында көз жұмды

Қырғызстан ІІМ

Қырғызстан астанасындағы бокс залдарының бірінде белгісіз адамдар бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиевті атып кеткен, деп хабарлады 24.kg.

Бішкектің 7-микрорайонындағы үйлердің бірінде атыс болды: бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Дереккөздің айтуынша, автоматтармен қаруланған белгісіз адамдар Жылдызбек Ниязалиев жұмыс істеп жүрген бокс залына баса-көктеп кіріп, оған және оның көмекшілеріне оқ жаудырған. Соның салдарынан Жылдызбек Ниязалиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның екі көмекшісі жарақат алды. Шабуылдаушылар белгісіз бағытқа қашып кеткен. Бішкекте «Құрықтау» жоспары жарияланды.

Дереккөздің айтуынша, бокс залы бокстан әлем чемпионы, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Орзубек Назаровқа тиесілі.

Материалда: