Бетербиев пен Биволдың қанша гонорар алатыны белгілі болды

Редактор
13.10.2024, 11:05

Қос боксшының да Ресейге қатысы бар

match

Кәсіпқой бокстан жартылай орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған Артур Бетербиев пен оның қарсыласы Дмитрий Биволдың қанша гонорар алатыны белгілі болды.

12 қазанда Эр-Риядта болған бокс кешінде 39 жастағы Бетербиев 12 раунд нәтижесінде 33 жастағы Биволды жеңген болатын. Бұл жекпе-жекте бәске Бетербиевтің WBC, IBF және WBO белбеулері, сондай-ақ, Биволдың WBA Super және IBO чемпиондық белбеулері тігілді.

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум хабарлағандай, қос боксшы да 10 миллион доллардан алады. Бұл – кепілдендірілген сома. Билет сатылымы, трансляция сатылымы және жарнамалық түсімдердің қанша пайызы боксшыларға берілетіні әзірге айтылмады.

Соған қарамастан, бұл гонорар қос боксшы үшін де рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін екеуі мұндай көлемде ақша алып көрмеген. Биволдың ең үлкен гонорары 5 млн доллар болса, Бетербиев 2,1 млн доллардан көп алып көрмеген.