Аружан Жаңабаева жекпе-жекті толық бақылауында ұстады
Қазақстан бокстан әлем чемпионатын нокдаунмен бастады.
Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасында әлем біріншілігінің жалауы желбіреді.
Құрамамыздан шаршы алаңға алғаш болып 63 келінің өкілі Аружан Жаңабаева шықты. Оның қарсыласы - ресейлік Милана Дзагаева.
Жаңабаева гонг үні естілісімен шабуылға шығып, бірінші раундтың соңына қарай Дзагаеваны нокдаунға жіберді.
Аружан жекпе-жекті толық бақылауында ұстап, соққыларын қарсыласына дарытып отырды. Ресейлік боксшы да барынша қорғанып, қарсылық көрсетуге тырысқанымен, қазақстандыққа шамасы жетпеді. Тиісінше төрешілер де жеңісті бірауыздан Аружанға берді - 4:0.
Енді 1/8 финалда Жаңабаева Венесуэла өкілі Диас Мартинеспен кездеседі.