Қазақ боксшылары World Boxing ұйымдастыратын алғашқы турнирде бақ сынайды

Редактор
23.10.2024, 14:30

Әлем чемпионатына 30 елден 180 боксшы қатысады деп күтілуде

ҚБФ

Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін U19 әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Біріншілік 26 қазан мен 2 қараша аралығында Пуэбло (Колорадо штаты, АҚШ) қаласында өтеді.

Әлем чемпионатына 30 елден 180 боксшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан командасы келесі құраммен Америкаға аттанaды:

55 келі. Ерасыл Аманғалиев
65 келі. Асылхан Көшербай
70 келі. Диас Серікұлы
85 келі. Даниял Райымбеков

Бапкерлер: Азамат Туямашев, Ержан Шагиров.