WBO Әлімханұлы мен Шираз айқасына қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
Бүгін, 10:25

Боксшыларға өзара келісім жасауға қосымша уақыт берілді

Sports.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады.

"Queensberry Promotions пен Top Rank бірігіп келіссөздер жүргізу уақытын ұзарту туралы өтініш берді. WBO комитеті келісім берді. Осылайша, келісім дүйсенбі, 4 қарашадан кешіктірілмеуі қажет", - делінген WBO мәліметінде.

Бұған дейін WBO Әлімханұлын Ширазға қарсы жекпе-жекте атағын қорғауға міндеттеді. Тараптарға келіссөздерге 23 қазанға дейін уақыт беріліп, сонан соң саудаласу басталатыны айтылған. Енді боксшыларға өзара келісім жасауға қосымша уақыт беріліп отыр.