«Орта салмақтың королімін»: Жәнібек Әлімханұлы тағы мәлімдеме жасады

Редактор
26.10.2024, 11:12

Оның келесі жекпе-жегі британ боксшысына қарсы өтуі тиіс

instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы – қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты жаңалықты күтіп отырғаны рас. Себебі Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) оның британиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) өтетін айқасына қатысты келіссөздер уақытын созуға рұқсат берген. 

«Күтіп отырмын! Жауапты да білемін! Менімен ешкім төбелеспейді! Себебі мен орта салмақтың королімін», — деп жазды Әлімханұлы өзінің X-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Хамза Шираз екінші дәрежелі WBC Silver және EBU European белбеулеріне иелік етеді. Ол кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жеткен (17-сі нокатупен).

Жәнібек соңғы жекпе-жегін қазан айының басында Аустралияда Андрей Михайловичке қарсы өткізіп, оны нокаутпен жеңді және өзінін чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. Осы кездесуінен кейін WBO оны Хамза Ширазбен жұдырықтасуға міндеттеді.