Қазақстан боксшылары Головкин басқаратын ұйымның әлем чемпионатында жұдырықтасады

Редактор
26.10.2024, 18:04

Қазақстан құрамасының намысын 19 жасқа дейінгі төрт боксшы қорғайды

ҚБФ

Бүгін АҚШ-та World Boxing ұйымдастыруымен бокстан тұңғыш әлем чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасының намысын 19 жасқа дейінгі төрт боксшы қорғайды.

55 келі: Ерасыл Амангелдиев 1/8 финалда Ондрей Томашпен (Чехия) кездеседі.

65 келі: Асылхан Көшербай 1/8 финалда Томаш Стойкамен (Чехия) жұдырықтасады.

70 келі: Диас Серікұлы 1/8 финалда Алжир өкілі Ислам Дахлалмен рингке шығады.

85 70 келі:  Даниял Райымбеков жартылай финалда Шин Минсеунмен (Оңтүстік Корея) шығады.

Жекпе-жек 26 қазаннан 27 қазанға қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 2:00-де басталады.

Тікелей трансляция World Boxing арнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, World Boxing  IBA-ның орнына ХОК мойындаған жаңа құрылым. Бұл ұйымның басшылық құрамында ҰОК президенті Геннадий Головкин де бар. Ол аталған федерацияның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды.