Толғанай Қасымхан өзбек боксшысын жеңді (ВИДЕО)

Редактор
26.10.2024, 15:21

Келесі айналымда ол литвалық қызбен күш сынасады

Margit Kincses

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі Толғанай Қасымхан (60 кг) өзбек боксшысын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

Отандасымыз көрші елдің өкілі Рахима Бекниязовамен шаршы алаңға шыққан. Үш раунд бойы қазақ қызы қарсыласына еркінсуге мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен ұрды. Десе де, төрешілердің жартысы өзбек боксшысы жеңді деп есептеген. Нәтижесінде 3:2 есебі тіркеліп, Толғанай ширек финалға шықты.

Енді ол жартылай финал жолдамасын Литва боксшысымен сарапқа салады. Бұл жекпе-жек 29 қазанда өтеді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның тағы төрт боксшысы жарыс жолына шығады.

71 кг
Өнер Сейілхан – Иван Синяк (Беларусь)

63 кг
Аружан Жаңабаева – Александра Мартинес (Венесуэла)

60 кг
Алексей Хаванцев – Нодирбек Аллаберганов (Өзбекстан)

57 кг
Жансері Көшербаев – Никола Михайлович (Словакия)