Бүгін Төрехан Сабырхан өзбек боксшысымен жұдырықтасады

Редактор
29.10.2024, 17:28

Ширек финалға ерлер құрамасынан сегіз, қыздар құрамасынан он бокшы шықты

Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулері басталды. Бүгін шаршы алаңға Қазақстанның тоғыз боксшысы шығады. Ең тартысты кездесу 67 кг салмақта Төрехан Сабырхан мен өзбек боксшысы Акбар Ахмадов арасында өтеді деп күтілуде.

Айта кетейік, ширек финалға ерлер құрамасынан сегіз, қыздар құрамасынан он бокшы шықты. Олардың тоғызы бүгін, жетеуі ертең жұдырықтасады.

Ерлер:

48 кг
Диас Берікбай – Маграуи Исмаель (Испания)

67 кг
Төрехан Сабырхан – Акбар Ахмадов (Өзбекстан)

75 кг
Санжарәлі Бегалиев – Абреу Ардилес (Куба)

92 кг
Асанханов Расул – Чао Куо (Қытай)

Қыздар:

48 кг
Әнел Абдрасилова – Хуанита Херера (Колумбия)

63 кг
Аружан Жаңабаева – Кинга Кроука (Польша)

60 кг
Толғанай Қасымхан – Беатрис Савицкэйт (Литва)

70 кг
Мария Сидоренко – Йонча Гүл Иылмаз (Түркия)

81 кг
Аружан Зейноллаева – Анастасия Панина (Ресей)

Жекпе-жектер Астана уақытымен 18:00-де басталады.