Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Кәсіпқой боксқа ауысқан Баходир Жалолов жаттығуға кірісті

Редактор
29.10.2024, 20:22

Боксшының өзі абсолютті чемпион атануды көздеп отыр

olympic.uz

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов кәсіпқой бокста жоғары нәтижеге жету үшін даярлық жұмыстарын бастады.

Былғары қолғап шебері Париж олимпиадасынан соң әуесқой бокстағы карьерасын аяқтайтынын айтып, аздаған үзілістен соң кәсіпқой шаршы алаңды бағындыруға кірісті.

Баходир Жалолов: «Арманым – кәсіпқой бокс әлемін бағындыру және бұл жолда мен әрекетті бастап кеттім», - деді.

Бүгінде Баходир Жалолов WBC рейтингінде 9-шы, ал WBO рейтингінде 15-орында тұр. Сондықтан 2-3 айқасты сәтті өткізсе, чемпиондық белбеуге үміткер бола алады.

Бұған дейін боксшының өзі абсолютті чемпион атануды көздейтінін алға тартқан.

«Құдай қаласа, кәсіпқой бокста төрт нұсқа бойынша әлем чемпионы атанып, Өзбекстан тарихын жаңартсам деген жоспарым бар», - деп еді Жалолов.

 

Жарнама
Жарнама