Қазақстанның 17 боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Редактор
31.10.2024, 00:38

Ерлер құрамасынан – 8, қыздар құрамасынан – 9 боксшы

Margit Kincses

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері аяқталды.

Ширек финалда Қазақстанның ерлер мен қыздар құрамасынан 18 боксшы өнер көрсеткен болатын. Олардың тек біреуі жеңіліп, қалған 17-сі жартылай финалға жолдама алды.

Бүгінгі жарыс күнінің кешкі сессиясында қазақстандық алты боксшы рингке шыққан болатын. Алдымен Ұлдана Таубай (66 кг) ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен жеңсе, артынша Панар Сейітханқызы (+81 кг) румын боксшысын техникалық нокаутпен ұтты. Сондай-ақ, Шұғыла Нәлібай (75 кг) да ширек финалды жеңіспен аяқтады. Ал, ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 келі) ресейлік Ребедюкті 5:0 есебімен жеңді. Жансері Көшербаев (57 келі) болса түркімен спортшысына еш мүмкіндік қалдырған жоқ, есеп – 5:0. 71 келіде өнер көрсеткен Өнер Сейілхан да албан боксшысын дәл осындай есеппен ұтты.

Айта кету керек, жартылай финалға шыққан боксшылардың саны жағынан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында көш бастап тұр.