Елянур Тұрғанова финалда ирландиялық Карли Пикимен кездесті
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан төртінші алтын медалін жеңіп алды.
Бүгін финалдық кезеңнің екінші күнінде рингке қыздардан алғаш болып көтерілген Елянур Тұрғанова финалда ирландиялық Карли Пикимен кездесіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін кеше Төрехан Сабырхан (67 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі) чемпион атанған еді.
Еске салсақ, жалпы Қазақстанның 7 боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.