Отандасымыз финалда ирландиялық Кайла Дайлмен кездесті
Черногорияда бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ұлдана Таубай күміс жүлдегері атанды.
66 келіде сынға түскен отандасымыз финалда ирландиялық Кайла Дайлға 5:0 есебімен жол берді.
Ұлдана әлем чемпионатында Түркия өкілін 4:1, Ресей боксшысын 5:0, Румыния спортшысын екінші раундта қапы қалдырды.
Бұған дейін қыздар арасында 50 келіде Елянұр Тұрғанова әлем чемпионы атанған болатын. Енді қазақстандық боксшылар арасында Бексұлтан Боранбек пен Өнер Сейілхан финалда сынға түседі.