Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионаты: Өнер Сейілхан Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды салды

Редактор
03.11.2024, 23:26

Сондай-ақ, бір күміс және он қола медаль қоржында

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Өнер Сейілхан (71 кг) жарыс жеңімпазы атанды.

Финалда отандасымыз ресейлік Алексей Гудковпен кездескен болатын. Алғашқы раундта Өнер қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетіп, барлық төрешінің оң бағасын алды. Ал, екінші раундта орыс боксшысы тегеурінді қарсылық танытқанымен, бәрібір таразы басын теңестіре алған жоқ, бұл раундта төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Сейілханға берді. Ал, шешуші раундта қазақстандық спортшы тағы да айқын басымдық тіркеп, жалпы жекпе-жекте жеңіске жетті.

Осылайша, Черногорияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медаль түсті. Сондай-ақ, бір күміс және он қола медаль да еншімізде.

Жарнама
Жарнама