Бексұлтан Боранбек колумбиялық боксшыны оңай жеңіп, әлем чемпионы атанды

Редактор
03.11.2024, 22:24

Қоржында әзірге 5 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль бар

Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ Бексұлтан Боранбек (51 кг) финалда колумбиялық боксшыны жеңді.

Финалға дейінгі жолда отандасымыз Зимбабве, Молдова, Ресей, Иран боксшыларын айқын жеңген болатын. Ал, ақтық сында колумбиялық Муневар Мореноны 5:0 есебімен еш қиындықсыз ұтты. Осылайша ол жастар арасындағы әлем чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталған әлем чемпионатында бесінші алтынына қол жеткізіп отыр. Бұған дейін Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Аружан Зейнуллаева және Елянур Тұрғанова жарыс жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, Ұлдана Таубай күміс медаль алса, тағы 10 боксшымыз қола жүлдеге қол жеткізді.