Иман Хелифке арнайы медициналық сараптама жасалған
Париждегі Олимпиада ойындарында чемпион атанған алжирлік боксшы Иман Хелиф гендерлік тест тапсырып, нәтижесі бойынша ерлерге тән XY хромосомалары бары анықталды. Бұл туралы betnews.by порталы жазды.
Хелифтің медициналық сараптамасын оқыған француз журналисі Джаффар Аит-Аудьяның айтуынша, Хелифтің ағзасында аталық жыныс жасушалары бар.
Hindustan Times мәліметінше, есепте боксшының биологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Нақтырағы, оның жатыры да жоқ болып шықты. МРТ қорытындылары Иманның аталық безі және микропенисі бар екен көрсеткен.
2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Хелифке Нью-Делиде өткен әлем чемпионатына қатысуға тыйым салған. Сөйте тұра ол Парижде бақ сынап, чемпион атанды.
Олимпиада ойындарында Иман Хелифтің соққысынан соң италиялық Анджела Карини айқасты жалғастырудан бас тартып, бұл жайт көпшіліктің қызу талқысына түсті.