Серік Сәпиев Меккеге барғанда нөсер жаңбыр жауды

Редактор
13.12.2023, 22:47

Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі оны «турист» деп атаған

Instagram

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Мекке мен Мәдина қалаларына барып, қажылық парызын өтеп жүр. Спортшы әлеуметтік желіде жариялаған суреттерде оның араб жерінде ұзақ уақыттан бері жүргені байқалады.

Бұл сапарында Сәпиев мұсылмандар үшін аса қасиетті саналатын орындарға барып, парызын орындағаны туралы фотолар жариялады. Қызығы сол, ол Қағбаға барған кезінде аспаннан бұл төніп, нөсерлетіп жауын жауған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бір легі оны «турист» деп атаса, көпшілігі ізгі ниетін жазып қалдырды.«Сіз барғанда жауын жауғаны жақсылықтың нышаны», «Нұр жауып тұр» деген сыңайда пікірлер легін көруге болады.

Серік Сәпиев бұған дейін өзінің интернационал отбасында дүниеге келгенін сұхбаттарында айтқан болатын. Оның әкесі Жұмағали Сәпиев қазақ болса, анасы – әлемде аз таралған марей ұлтының өкілі. 

Спортшы 2005 және 2007 жылдары Қытай мен АҚШ-та өткен әлем чемпионатында 64 келіде топ жарды. Ал Бейжіңде өткен Олимпиада Ойындарының ширек финалында тай боксшысынан жеңілген.

Сондай-ақ, С.Сәпиев қазақ боксшылары арасында әлем чемпионатынан ең көп жүлде алған жалғыз спортшы.