Франциялық спортшы бұрын IBO нұсқасында әлем чемпионы болған
Кәсіпқой бокстан алғашқы жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) әлемнің экс-чемпионы франциялық Мохамед Мимунмен (23-5, 4 KO) кездесіп, жеңіске жетті.
Кәсіпқой бокс кеші Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өтті. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, төрешілер 98-92, 98-92, 99-91 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.
Осылайша Батыр Жүкембаев өзінің 22-ші жеңісіне қол жеткізіп, өзінің WBA Continental North Americas қорғап қалды.
Ал, Мохамед Мимун болса бұрын IBO нұсқасында әлем чемпионы болған.