Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әйгілі Майк Тайсон блогер Джейк Полдан жеңіліп қалды

Редактор
16.11.2024, 10:51

Тайсон қарсыласынан 31 жас үлкен

Getty Images

АҚШ-тың Арлингтон қаласында көптен күткен кәсіпқой бокс кеші аяқталды. Тоқсаныншы жылдары бүкіл әлемді дүрліктірген әйгілі Майк Тайсон блогер Джейк Полмен жұдырықтасып, жеңіліп қалды.

58 жастағы Тайсон қартайғанына қарамастан әлі де бабында екенін бұған дейін айтып, жаттығу процесінің видеоларымен бөліскен болатын. Ал, Джейк Полдың жасы небәрі 27-де. Ол бокспен кәсіби тұрғыда айналыспаса да, соңғы бірнеше жылда 12 рет ресми жекпе-жек өткізген.

Боксшылар алдын ала жоспарланғандай сегіз раунд жұдырықтасты. Нәтижесінде Пол барлық раундта тың көрініп, ардагерден бір бас жоғары өнер көрсетті. Тиісінше, төрешілер де жеңісті бірауыздан Джейк Полға беріп отыр, есеп 79:73.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек нәтижесі ресми есепке алынады. Тайсонның соңғы кәсіби жекпе-жегі 19 жыл бұрын өткен болатын. Ол осымен барлығы 59 жекпе-жек өткізіп, оның 50-де жеңіске жеткен. Ал, Джейк Пол болса кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегін өткізіп, оның 11-де жеңіске жетіп отыр.

Жарнама
Жарнама