Ол көліктердің ақшасын депозитке салатынын айтты
Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге келгеннен кейін төрт бірдей автокөлікті сыйға алған болатын. Артынша ол біреуін өзіне қалдырып, қалғанын сататынын айтты.
Боксшы қыз тележүргізуші Динара Сәтжанның бағдарламасында қонақта болды. Журналист одан көліктерді неліктен сатып жатқанын сұрады.
«Zeekr мен Cooper-ді сатып жіберіпсіз. Бұл көліктер ұнамады ма?» - деп сұрақ қойды Сәтжан.
«Хабарландыруды берген соң 15 минуттан соң өшіріп тастағанмын, соның өзінде көпшілік скрин жасап, түрлі сайттарда жазылыпты. Шыны керек, асып-тасыған бай емеспін, төрт бірдей көлікті міне алмаймын, одан да сол ақшаны керегіме жаратайын деп шешім қабылдадым», - деді ол.
Назым Қызайбай – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы.