Жәнібек Әлімханұлы президент Тоқаевқа өзінің қолғабын сыйлады

Редактор
15.12.2023, 08:43

Екеуі футзалдан Қазақстан – Нидерланды құрамаларының ойынын көруге барған

ptrk.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO, IBF тұжырымдары әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, оған өзінің былғары қолғабын сыйға берді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы 14 желтоқсанда футзалдан Қазақстан – Нидерланды құрамаларының ойынына қонақ ретінде қатысқан болатын. Кәсіпқой боксшымен кездесуі осы спорт кешенінде болды.

Еске салайық, Қазақстан футзал құрамасы аталған матчта 2:0 есебімен жеңіске жетіп, 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.