Қазақ боксшысы спорттық мансабында тек бір рет жеңілген
Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Батыр Жүкембаев (22-1, 16 KO) француз Мохамед Мимунды (23-6, 4 КО) жеңгеннен кейін boxrec.com сайтының рейтінгінде жағдайын жақсартты.
Жүкембаев пен Мумин арасындағы жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылып, төрешілер шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жеткен болатын. Осыдан кейін ол рейтингте 44-орыннан бірден 25-орынға көтерілді.
Айта кету керек, Мохамед Мумин IBO тұжырымының чемпионы болған. Ал, Жүкембаев болса соңғы жеңілісіне дейін IBO International, WBC Continental Americas и IBF Inter-Continental титулдарының иесі еді.