Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

World Boxing ұйымы салмақ дәрежелерін жариялады

Редактор
22.11.2024, 00:44

Әр салмақтың аралығы бес келіні құрайды

World Boxing

Әуесқой бокстан жаңадан құрылған World Boxing ұйымы салмақ дәрежерін бекітті. Жаңа қауымдастық өткізетін жарыстарға өнер көрсететін боксшылар ІВА-дағы салмақ дәрежелерінде сынға түседі.

Мәселен, IBA-да 13 салмақта жүлде үлестірілсе, World Boxing ұйымы небәрі 10 салмақта ғана үздіктерді анықтамақ. Бұл ретте боксшылар 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, +90 келіде ғана жұдырықтасатын болады.

Ал ІВА 48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, +92 салмақ дәрежелерінде үздіктерді анықтап жүр.

Қазақстан жақында ғана World Boxing ұйымына мүшелікке қабылданды. Сонымен бірге, бұл қауымдастыққа Орталық Азия аймағынан Қырғызстан мен Өзбекстан бокс федерациялары да енген болатын. Әзірге еліміздің бокс федерациясының ІВА құрамынан шығатыны туралы ақпарат айтылмады.

Айта кететін жайт, Қазақстан бокс құрамасы 30 қарашада Таиланда ІВА-ға қарасты Азия бокс қауымдастығы өткізетін Азия чемпионатына қатысады.

Жарнама
Жарнама