Ол жуырда ғана жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бұған дейін Азия чемпионатына баратын боксшылардың тізімін жариялаған болатын. Тізімде жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан жоқ. Оның айтуынша, жас боксшы басқа жарысқа дайындалады деп жазады Meta-ratings.kz.
Еске салайық, Сабырхан өнер көрсететін 67 кг салмақта Таиландта өтетін Азия чемпионатына Дулат Бекбауов барады.
«Төрехан Сабырхан жуырда ғана жастар арасында әлем чемпионы және осы жарыстың үздік боксшысы атанған болатын. Енді ол 17-24 желтоқсанда Қарағандыда ересектер арасында өтетін республика біріншілігіне қатысады. Халықаралық бокс ережесіне сәйкес, ерлер арасындағы жарыстарға 2006 жылы туған боксшылар тек келер жылдан бастап қана қатыса алады. Алайда, біз Черногорияда чемпион болып келген жастарға осы желтоқсан айында мүмкіндік беріп көрмекпіз», - деді Қ.Сәтжанов.
Еске салайық, қараша айының басында Төрехан Сабырхан Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасын бастап барып, жарыс жеңімпазы атанды. Ол сондай-ақ, Азия чемпионатын түрлі жас ерекшлегеніде төрт рет жеңіп алған.