Асланбек Шымбергенов мексикалық боксшыдан техникалық нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)

Редактор
15.12.2023, 20:12

Жекпе-жек төртінші раундтың соңына жетпей аяқталды

скрин

Астанада өтіп жатқан «Чемпиондар түні IBA» бокс кешінде күтпеген нәтиже тіркелді. Қазақстандық әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов мексикалық боксшы Хосе Мигель Боррегодан техникалық нокаутпен жеңілді.

Аталған бокс кешіндегі жекпе-жектер 3 минуттан 6 раундқа жоспарланған. Шымбергенов төртінші раундтың соңында ауыр соққы алып алдымен нокдаун ашылды. Артынша тағы бірнеше ауыр соққыдан кейін бас бапкер Мырзағали Айтжанов рингке ақ сүлгі лақтырып, жекпе-жекті тоқтатты.