Айбек Оралбай жарысты бірден жартылай финалдан бастамақ
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Айбек Оралбай (+92 кг) өзбек боксшысы Жахонгир Закировпен жұдырықтасады. Британдық бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинстің айтуынша, осы жекпе-жектің жеңімпазы жарыс чемпионы болады.
Еске салайық, Айбек Оралбай Париж олимпиадасынан кейін аса ауыр салмаққа көшті. Ал, өзбекстандық Баходир Жалолов кәсіпқой боксқа кеткеннен кейін оның орнын Жахонгир Закиров басты.
«21 жастағы өзбек боксшысына бірінші жекпе-жегі оңай болмайын деп тұр, ол осы салмаққа жаңа келген қазақ Айбек Оралбаймен жұдырықтасады. Кім жеңетінін айта алмаймын, бірақ жеңімпаз Азия чемпионы болатыны анық. Ал, күміс жүлдені жартылай финалдың екінші жұбындағы Дмитрий Ловчинский (Украина) мен Ремул Абудурексити (Қытай) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы алады», - деп жазды О’Хиггинс әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Айбек Оралбай жарысты бірден жартылай финалдан бастайды.
Бұған дейін ұлттық құраманың үш боксшысы жұдырықтасып, үшеуі де ширек финалға шықты. Олар: Дулат Бекбауов (67 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Бейбарыс Жексен (60 кг).