Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Алуа Балқыбекова Азия чемпионатындағы жекпе-жегінен бас тартты

Редактор
02.12.2024, 11:32

Боксшының денсаулығы сыр берген

ҚБФ

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова іріктеу кезеңіндегі жекпе-жекке шықпайтын болды.

Боксшының жүлдесіз қалуына денсаулығы себеп болған.

«Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекованың сырқаттануына байланысты, Азия чемпионатындағы бүгінгі жекпе жегінен бас тартуына тура келді. Дәрігерлер оған ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты жарысқа қатыспау туралы шешім қабылдады», - деп жазылған ҚР бокс федерациясының ақпаратында.

Алуа Балқыбекова 50 келіде сынға түсуі тиіс болған. Ол 1/8 финалдағы алғашқы қарсыласы таиландтық Раксат Чутхаматпен өзара мықтыны анықтауы тиіс еді.

Айта кететін жайт, Алуа Балқыбекова биыл наурыз айында Италияда өткен лицензиялық турнирге барып, Париж Олимпиадасының жолдамасынан тыс қалды. Ал сәуір айында Астанада өткен спаррингтік сында Назым Қызайбайға жол берді. Бұдан кейін Таиландта өткен лицензиялық турнирде Назым Олимпиада жолдамасын алып, кейін төртжылдықтың басты ойындарында қола жүлде иеленді.

 

Жарнама
Жарнама