Азия чемпионаты: Ұлжан Сәрсенбек пен Виктория Графеева жартылай финалға шықты

Редактор
05.12.2024, 18:13

Екі боксшы да айқын басымдықпен жеңіске жетті

ҚБФ

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде әйелдер арасындағы ширек финал мәресіне жетті.

60 келіде өз мүмкіндігін алған Виктория Графеева 1/4 финалда Тайпей өкілі Чен-Хуан Енмен шығып, алғашқы раундта-ақ айқын басымдыққа ие екенін танытты. Дамылсыз соққының арқасында төреші 2-раундта кездесуді аяқтады.

Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта вьетнамдық Тран Нгуенмен рингке шықты. Ұлжан қарсыласын нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен айқын жеңді.

 

 

Материалда: