Махмұд Сабырхан шри-ланкалық боксшыны нокаутқа түсірді

Редактор
06.12.2024, 15:01

8 желтоқсанда жартылай финалдағы бәсекесін өткізеді

ҰОК

Махмұд Сабырхан ширек финалда шри-ланкалық Жайната Кумарды жарыс жолынан шығарды. 54 келі салмақта өнер көрсеткен Махмұдтың екінші раундтағы жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

8 желтоқсан күні өтетін жартылай финалдағы Махмұдтың қарсыласы - Таиланд боксшысы.

Айта кетейік, ол бұған дейін тайпейлік Лаи Ян-Линді бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді