Ермек Маржықпаевтың туған ағасы бокс төрешілерін соққыға жықты (ВИДЕО)

Редактор
06.12.2024, 15:32

Оларды ажыратуға Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің өзі келді

скрин TikTok

Ақтауда өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Республика чемпионатында жаттықтырушы Ерік Маржықпаев бас төреші мен қатардағы төрешіні ұрып тастады. Аталған сәттін видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Айта кетейік, Ерік Маржықпаев – бұрынғы спорт министрі Ермек Маржықпаевтың туған ағасы.

Төбелеске нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алайда, видеокадрдан Маржықпаевтың бас төреші Бақытжан Бекпенбетовты бірнеше рет ұрғанын анық байқауға болады. Сондай-ақ, оларды ажыратуға келген тағы бір төреші Ғани Ысқақовтың да соққы алғаны анық көрінген.

Төрешілерді Маржықпаевтың жұдырығынан ажыратуға Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен Олимпиада қатысушысы Ғани Жайлауов келген. Тек содан кейін ғана экс-министрдің ағасы тынышталып, далаға шығып кетті.

Соққыға жығылған төрешілер Маржықпаевтың үстінен арыз түсіре ме, жоқ па, ол жағы да әзірге белгісіз.