Ол бүгін шаршы алаң иесі таиландтық Сомчай Вонгсуванмен кездескен
Тайландтың Чиангмей қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 63,5 келіде жұдырықтасатын Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалда жеңіліс тапты.
Ол бүгін шаршы алаң иесі таиландтық Сомчай Вонгсуванмен кездескен. Бұл жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Сөйтіп Қазақстан құрамасының үшінші боксшысы жүлдесіз қалды. Бұған дейін Бейбарыс Жексен (60 келі) мен Сәкен Бибосынов (51 келі) жарысты ерте аяқтаған еді.
Еске салсақ, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы биыл жазда Париж Олимпиадасына қатысып, ширек финалға дейін жеткен болатын.